Ақмола облысының білім беру ұйымдарында АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН өткізу бойынша
іс-шаралар жоспары
№ |
Іс-шара атауы |
Өткізу мерзімі |
Өткізу форматы |
Мақсатты топ |
1 |
Өскелең ұрпақты азаматтық және патриотизм, Қазақстан мәдениеті мен тарихын құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған «Алғыс айту күні» тақырыбы бойынша сабақтар өткізу |
1 наурыз |
онлайн |
мектеп оқушылары, студенттер |
2 |
Білім беру ұйымдарының фойесінде, әлеуметтік желілерде және мектепке дейінгі ұйымдардың, мектептер мен колледждердің интернет ресурстарында «Қазақстан – мейірімділік мекені» видео презентацияларын орналастыру
|
25 ақпан – 3 наурыз |
қашықтан |
Мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп оқушылары, студенттер |
3 |
Білім беру ұйымдарында «Қазақ еліне тағзым» кітап көрмелерін өткізу; Жамбыл Жабаев, Сәкен Сейфуллин, Мұқағали Мақатаевтың шығармалары бойынша әлеуметтік желілерде оқушылар мен студенттердің буктрейлерлерін орналастыру |
25 ақпан – 3 наурыз |
қашықтан |
мектеп оқушылары, студенттер |
4 |
Колледждердің еріктілер жасақтарының «Туған өлкеге игі істер» акциясын өткізу |
25 ақпан – 3 наурыз |
акция |
студенттер |
5 |
Ақмола облысының білім беру ұйымдарында парасаттылық сағатын өткізу |
1-5 наурыз |
онлайн/офлайн |
мектеп оқушылары, студенттер |