«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Орловка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Орловка отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер!

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірыңғай сабақтар туралы ақпарат

01.10.2021

 

 «Орловка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бірегей ашық сабақ туралы мәлімет  

(28- қыркүйектегі деректер)

«Орловка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» атты бірегей сабақ өтті. Ашық сабақ барысында оқушылар Қазақстан туралы өз білімдерін көрсетті. Олар біздің Қазақстан сақтар мен ғұндардың, Түрік қағанатының, Алтын Орда мен Қазақ хандығының көптеген мемлекеттік құрылымдары пайда болған ұлы даланың көрнекті көшпелі өркениетінің мұрагері екенін айтты. 260 жылдан кейін Қазақстан 1991 жылы

16 - желтоқсанда Тәуелсіздігін қалпына келтірді, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Републикасының тұңғыш президенті болып сайланды.

Сабақ барысында балалар Тәуелсіздіктің  30 жылының нәтижелерін талдай отырып, біз Қазақстан Республикасының тәуелсіз ұлттық мемлекеттіліктің өзіндік бірегей моделін құруға қол жеткізгенін көреміз. Бұл модельдің іргелі құндылықтары – патриотизм,этномәдени кодтар мен дәстүрлердің түпнұсқалығы, ұлтаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісім, ұлттық бірлік, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының төңірегінде болады. 

8-сыныптағы ашық сабаққа қонақ ретінде Орловка ауылының әкімі Қ.Б.Мұсатай қатысты. Сабақ соңында Қайрат Болатұлы оқушыларға мемлекеттік тілді білгендері үшін, олардың еліміз туралы сабақ бойы көрсеткен білімдеріне алғыс білдіріп, елді болашақта өсіп келе жатқан ұрпақ басқаратынын және біздің елге лайықты адамдар керек екеніне баса назар аударды.

Просмотров: 510


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст