«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Орловка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Орловка отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

Біздің әлеуметтік желілер!

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілін білу - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының патриоттық парызы!

21.05.2019

Қазақ тілін білу - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының патриоттық парызы!

 

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында әрекет ететін мемлекеттік басқару тілі.

         Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында қазақ тілін дамыту және енгізу мәселесіне ерекше назар аударған. Мемлекеттік бағдарламалар енгізілді және мемлекеттік тілді оқыту орталықтары ашылды. Осы ұйымдардың басты міндеті - тілді дамыту және барлық салаларда белсенді пайдалану. Жыл сайын "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында тіл үйрену бойынша байқаулар мен түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Сондай-ақ мектептерде, лицейлерде, жоғары оқу орындарында, тілді үйрену және енгізу бойынша тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Орловка орта мектебінде "қазақ тілі мен әдебиет" он күндігінің аясында конкурстар өткізіледі, аудандық "Тіл дарын" байқауларына және мемлекеттік тілді оқытуды насихаттау бойынша басқа да іс-шараларға белсене қатысамыз. Қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін жетік меңгерген және бұл қуантарлық жайт, бұл тілді үйренуді кейінге қалдыратындарға арналған көрсеткіш.

Статистика деректері бойынша әлемде күн сайын 5 тіл жоғалады. Мемлекеттік тілді үйреніп, оны күнделікті өмірге енгізе отырып, біз өз тарихымызды сақтаймыз, өз тілімізді қорғаймыз, тек өткенді ғана емес, Қазақстанның болашағын да сақтаймыз. Біздің патриоттық борышымыз – қазақ тілін ұрпақтан-ұрпаққа бере отырып сақтау!

Просмотров: 847


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст