Текст
2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың тағдырына бей-жай қарамайтындардың барлығын белсенді қатысуға шақырамыз. Мектепке керек-жарақтар, рюкзактар, мектеп формасы, спорттық формалар, аяқ киімдер және т.б. үлкен көмек болады. Акцияға қатысыңыз! Балаларды мектепке бірге жіберейік!
Құрметпен, «Орловка ауылының ОШ» КММ