Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай
«Орловка ОМ» КММ өткізілген іс-шаралардың
есебі
(2022 жыл 5-16 қыркүйек)
«Орловка ЖББМ» КММ тілдер күніне орай 5-16 кыркүйек аралығында жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді. Өткізілген іс-шаралардың мақсаты: ҚР тілдер мерекесін насихаттап, ұлттар арасында татулықты нығайту. Директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Кочнева Е.И тіл мерекесіне орай онкүндіктің жоспарымен мектеп ұстаздары мен оқушыларын таныстырып, меркенің ашылуы өтті.
Жоспар бойынша әр мұғалім іс –шараны қызықты өткізуге талпынды, оқушылар да белсенді атсалысып, қызығушылықтарын танытты.
Жоспарланған іс-шаралар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті. Барлық сыныптарда «мемлекеттік тіл- менің тілім» атты сынып сағаттары өткізілді.
Жоспарға сәйкес «Тіл – ел байлығы» атты эссе байқауы өткізіліп, 9-сынып оқушысы Аманжолов Максат ең сауатты және ойын ұшқыр жеткізе алуымен ерекшелінді. Сонымен қатар, бастауыш сынып мұғалімдері Кочнева Е.И., Бондаренко Д.П., Загвоздкина Т.Н., Мұсатай Т.А., деөз сыныптарына жоспарға сәйкес іс-шара өткізді.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Рахимова Л.А өз сыныптарында жоспарға сәйкес іс-шараларды ойын түрінде өткізді. Оқушылар өте белсене ат салысты.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Каркабатова Ж.Ш да жоспарға сай іс –шаралар өткізді. Өз деңгейінде өтті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Альмаганбетова Ы.Б да іс-шараларын жоспарға сай өткізді. Оқушылар қызығушылық танытып, белсенді ат салысты.
Сонымен қатар, Тілдер онкүндігіне орай көрме және дәлізге ақпараттық бұрыш жасалынды.
Жоспарға сай іс –шаралар өз деңгейінде өтті, 16.09 жабылуы болды. Жоспарланған тілдер онкүндігіне талдау жасалынып, белсенді атсалысқан оқушылар марапатталды.
МО жетекшісі Альмаганбетова Ы.Б