Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – Комитет) білім беру ұйымдарының асханалары мен санитариялық тораптарындағы жайлылықты арттыру мақсатында сәуірден тамызға дейін «Балаға Лайық» республикалық акциясының 1-кезеңі өткенін хабарлайды.
Қазіргі уақытта ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінен бастап «Балаға Лайық» республикалық акциясының 2-кезеңі басталды.
Жалпы, акцияны іске асыру алгоритмі What's App және Telegram мессенджерлері арқылы жүзеге асырылады.
Осы жұмыс аясында білім басқармасы тарапынан түзету үшін жағдайы нашар асханалар мен санитарлық тораптардың фотосуреттерін жіберу жоспарлануда.
Бұдан басқа, Комитет білім беру ұйымдарына «Балаға Лайық» республикалық акциясы бойынша материалдарды жіберуді және ресми парақтарға орналастыруды сұрайды.
Сондай-ақ, сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін +7 778 781 3377 бойынша хабарласуға болады.
Қосымша: __ парақта.