Жыл сайын Қазақстанда 1 тамыздан бастап 30 қыркүйек аралығында жалпы республикалық қайырымдылық «Мектепке жол» акциясы өтеді. Осы жылы бұл ҚР Білім және Ғылым Министрінің әлеуметті бастамасы «Менің таңдауым – балаларға көмек» атты ұранымен өтуде.
Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылдың дайындалу мезгідінде және әлеуметтік себептер бойынша балалар мектепке бармауын алдын алу үшін аз қамталған, көп балалы отбасылар, жетім-балалар және ата-анасының қамқорынан айырылған балаларға заттай немесе басқа көмек көрсету.
Біздің мектепте де акция басталды. Акцияның өтуі туралы бұйрық шығарылды, Үйлестіру кеңесі құрылды,
қоғамды жерлерде ақпараттық қағаздар таратылды. Акция мезгілінде ақпаратты-түсіндіру іс-шаралар өтеді, қайырымдылық акциялар «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді», «Баланы мектепке жинаймыз», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлық», рейд іс-шаралары (үйлерді аралау), «Жұмыспен қамтылу», «Балалар түнгі қалада» рейдтері. Мектепке дайындық сұрақтары туралы «жедел желі» және сенім телефон жұмысы ұйымдастырылады, әлеуметті-қорғалмаған отбасыларының балаларына көмек көрсету сұрақтары бойынша демеушілерді және жебеушілерді «Орловка» ЖШС, ЖК, ШҚ тұлғаларын қатыстырады.