Мен қараша айында республикалық «Мұғалімдерді әдістемелік қолдау» курсын өткен болатынмын. Осы курс барысында мен білім беру аясында туындаған сұрақтарыма жауап алдым десем артық айтқаным емес.
Курста 3 білім беру платформасы арқылы жұмыс жасадық. Әр платформаның өз ерекшелігі бар. Курста білікті де білімді, өз мамандығының майталман оқытушылары дәріс берді. Дәріс беру барысында сұрақ –жауап жұмыстарын жүргізіп, теориялық білімді практикалық тапсырмалар арқылы бекітіп, курс тыңдаушыларымен кері байланыс жүргізіліп отырды. Менің жеке пікірім бойынша, өте тиімді курс болды. Өйткені, қазіргі білім беру саласындағы жаңа заңдар, білім беру мекемелерінің жаңартылған білім беру мазмұнына көшу барысындағы өзгертулер, оқушыларды бағалау, мемлекеттік бағдарламалар, сонымен қатар ұстаздар сабақ беріп қана қоймай кәсіптік дамуына да жағдай жасап, көптеген жоба жұмыстарымен, ғылыми жұмыстармен айналысу бағыттары туралы білім алдық. Қорытынды күні өз алаған біліміміз бойынша
5 модуль бойынша практикалық жұмыс орындап, тест жұмысын тапсырдық. Аталмыш курстан осыған дейін білген мәліметтерімді толықтырдым. Өте тиімді, қажетті курс. Келешекте өз шығармашылығымда міндетті түрде осы курстан алған білімдерімді іске жарататыныма сенімдімін.
Ы.Б.Альмаганбетова
Заместитель директора по УВР Орловской СШ